Ақтөбеде 1,5 жасар бала құдыққа құлап, көз жұмды

124

Ақтөбе облысында аулада ойнап жүрген бала құдыққа құлап, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға жеке үйдің аумағында болған.

«Бала үлкендермен бірге далаға шыққан. Ата-анасы үй ауласын тазалап жүрген. Сол аралықта бүлдіршін құдыққа құлап кеткен. Оқиғадан кейін ол ауруханаға жеткізілді, бірақ көрсетілген көмекке қарамастан қайтыс болған. Қылмыстық іс қозғалды. Сараптама қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Денсаулық сақтау басқармасы да оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Бір жарым жасар бала жеткізілді. Ата-анасының айтуынша, бала кездейсоқ ашық тұрған 3,5 метр тереңдіктегі құдыққа құлаған. Ауруханаға түскен кезде баланың жағдайы өте ауыр болды. Бала бірден реанимация бөліміне жатқызылды. Алғашқы көмекті кезекші бригада көрсетті. Бір сағат ішінде хирургиялық бөлімше меңгерушісі, хирургтар, реаниматологтар және аралас мамандар: нейрохирург, кеуде хирургы, кардиохирургтен тұратын консилиум ұйымдастырылды», – деді басқарма.

Дәрігерлердің айтуынша, баланы аман алып қалу үшін балаға бірнеше ота жасалған. Бірақ емдеу шараларына қарамастан, 12 сәуірде бала қайтыс болған.

 

https://turkystan.kz/article/219628-aktobede-eki-adamdy-pyshaktap-oltirgen-kudikti-kylmysyn-moyyndady/

Leave A Reply

Your email address will not be published.