Ақтөбе облысында жеке үйлердің бірінде газ жарылып, төрт адамды күйік шалды

166

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше зардап шеккен төрт адамның жағдайы тұрақты.

«Жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, одан кейін жалпы ауданы 31 шаршы метр үйдің 10 шаршы метр аумағында қабырғалар жартылай опырылып, шатырда өрт шықты. Соның салдарынан төрт адам күйік алды. Олардың жағдайлары тұрақты», — деді Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз хатшысы Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар ол құтқарушылардың үйден сыйымдылығы 50 литрлік толтырылған 2 тұрмыстық газ баллондарын шығарғанын айта кетті. Өрт сағат 13:30-да жалпы ауданы 15 шаршы метр аумақта сөндірілген. Газдың жарылу себебі анықталған.

https://stan.kz/aktobe-oblisinda-zheke-uylerdin-birinde-gaz-zharilip-to-372318/

Leave A Reply

Your email address will not be published.