Ақтөбе облысында көз жұмған оқушының ата-анасы әділдік сұрайды

72

Ақтөбе облысында көз жұмған 14 жастағы оқушының жұмбақ өліміне қатысты ата-анасы жан-жақты тексеру жүргізуді талап етіп отыр деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Әкесі үш күн бұрын жерлеген 14 жастағы баласы Рүстемді 11-сыныптың оқушылары тепкілегенін айтты.

«Ұлымды өзінен үлкен ересектер ұрып өлтірді», – дейді Шалқар ауданындағы Айшуақ ауылында тұратын Руслан Жалмұратов.

Оның айтуынша, ауыр соққыдан бала сол жерде қаза тапқан. Есінен танып, бірден демі үзілген оқушыны сол жердегілер медбикенің үйіне жеткізіпті.

Алайда тәртіп сақшылары марқұмның денесінде ұрып-соғу белгілері жоқ деп мәлімдеме жасады. Дегенмен сараптама тағайындалған. Ал ата-анасы марқұм ұлына әлімжеттік көрсеткен ауыл балалары жазаланса дейді.

«Менің баламды бар күшімен тепкен. Сол тепкен бойда тізерлеп отырып қалған, құлаған. Сол арада тіл тартпай кеткен балам. Бетіне қар шашқан, қасындағы балалары. Болмаған соң, сол көшедегі медбикенің үйіне көтеріп апарған. Осыған байланысты қасақана өлтірген балама қатысты іс-шара қолдануды сұраймын. Ешқандай, еш жерде есепте жоқ», – дейді ата-ана.

https://turkystan.kz/article/208576-aktobe-oblysynda-koz-zhumgan-okushynyn-ata-anasy-edildik-suraydy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.