Ақтөбе облысында 20 тонна мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеген күдікті ұсталды

69

Фото: Видеодан скрин

Жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген еді. Қылмыс жасаған күдікті екі айдан астам уақыт іздеуде жүрді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, келтірілген залал көлемі 54 миллион теңгеден асады.



Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.

Бұған дейін Алматы әуежайындағы жанжалға қатысы бар екінші күдікті ұсталған еді. https://stan.kz/aktobe-oblisinda-20-tonna-mektep-dapteri-telgen-zhuk-ko-405077/

Leave A Reply

Your email address will not be published.