Ақтөбе гарнизонының мәліметінше, оқиға 23 қарашада болған.
«2024 жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметкер күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз өзіне қол жұмсады», – делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шығыс Қазақстан облысында тағы бір әскери қызметкердің қаза тапқанын мәлімдеген еді.
Фото: freepik
https://stan.kz/aktobe-garnizoninda-askeri-kizmetker-ozin-atip-oltirdi-410082/