Қайғылы оқиға 1 қараша күні Ақтөбе облысында болған деп хабарлады turkystan.kz.
«Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі Қарауылкелді ауылынан Ақтөбе қаласына қарай келе жатып, Байғанин ауданы Кенжалы ауылының тұсында Ақтөбе – Астрахань автожолының жиегінде тұрған DAF жүк көлігіне соқтығысқан», – деп жазылған хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды, ал 56 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.