Ақтауда балаларымен бірге көпқабатты үйдің кіреберісінде ұйықтап қалған әйел ата-ана құқығынан айырылды
Ақтауда балаларымен бірге көпқабатты үйдің кіреберісінде ұйықтап қалған әйел ата-ана құқығынан айырылды
Білім басқармасы Балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Жұлдыз Ағманованың айтуынша, екі ай бұрын көпқабатты үйдің кіре берісіндегі бетон еденде мас күйінде ұйықтап жатқан әйел 38 жаста. Ақтауға Жамбыл облысынан жұмысқа келген. Онда пәтер жалдаған. Қазір төрт жасар үлкен баласы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, ал екі жасар қызы балалар үйінде. Ол балаларын осыған дейін бір-ақ рет көрген. Жұлдыз Ағманова кенже баласын әйелдің туған бауыры қамқорлығына алу үшін құжат реттестіріп жүргенін айтады.
https://turkystan.kz/article/233911-a-tauda-balalarymen-birge-k-p-abatty-ydi-kireberisinde-yy-tap-al-an-yel-ata-ana-y-ynan-ayyryldy