Ақтауда 3 баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

126

Ақтауда полиция кәмелетке толмаған балаларды өлтірді деген күдікпен олардың әкесін ұстады. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.

«Ақтау қаласындағы 27 шағын ауданның пәтерінен зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірімдер табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады», – делінген мәліметте.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

https://turkystan.kz/article/217934-aktauda-3-balasyn-oltirdi-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.