Ақмола облысында ер адам электр бағанынан құлап, қаза тапты

52

Фото: freepik.com

Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай Степногорск қаласында болған. Оқыс оқиға туралы полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарлаған.

Белгілі болғандай, жергілікті кәсіпорында электр бағанында жөндеу жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшы бетон электр бағанымен бірге жерге құлап, мерт болған.

«Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156 бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сонымен бірге, мемлекеттік еңбек инспекторы оқиғаның мән-жайын анықтауда», – делінген полиция хабарламасында.

https://stan.kz/akmola-oblisinda-er-adam-elektr-baganinan-kylap-kaza-ta-388854/

Leave A Reply

Your email address will not be published.