Ақбақай ауылында сайлау өтуде

152
2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауыл округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қалалардың әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.
Бүгін Мойынқұм ауданы, Ақбақай ауылының әкімдігіне сайлау өтуде. Ауылда 1 сайлау учаскесі бар, жалпы дауыс берушілер саны -312.
Аталған ауылдағы 325 номерлі сайлау учаскелерінде таңғы сағ.7:00-ден бастап сайлаушыларға есіктерін айқара ашты.
Саяси науқан барысын Партиялық емес байқау орталығынан 1 байқаушы, «Amanat» партиясынан 1 байқаушы қатысып бақылауда.
Қазіргі таңда сайлау жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.