«Әділетті қоғамның іргетасы – отбасы тәрбиесі» облыстық дебаты өтті

28

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйытқы болуымен «Әділетті қоғамның іргетасы – отбасы тәрбиесі» тақырыбында облыстық дебат ұйымдастырылды.


Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің жоспарына сәйкес өткізілді.
Дебаттың негізгі мақсаты – отбасы тәрбиесінің әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлін дәріптеу, жастардың сыни ойлау қабілетін дамыту, азаматтық жауапкершілігін арттыру және адалдық пен парасаттылық құндылықтарын насихаттау.
Іс-шараға «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы қатысып, әділдік қағидаттарын орнықтыруда отбасы тәрбиесінің маңыздылығына тоқталды. Ол қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір отбасынан басталатынын атап өтіп, жастарды адалдық, жауапкершілік және заңға құрмет қағидаттарын берік ұстануға шақырды.
Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың бойында әділдік, адалдық және жоғары адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға өз үлесін қоса беретіні сөзсіз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.