Әдептің талабын сақтау, әр мемлекеттік қызметкердің әдебі

112
Сарысу ауданының әкімдігіне қарасты 11 бөлім мен 9 қала және округ әкімдіктерінде 127 мемлекеттік қызметкер бар. Оларға Әдеп кодексінің талаптарын сақтауға байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аудандық Әдеп жөніндегі өкілдің міндеті.
Бүгін аудандық аппараттық жиын алдында сұқбат өткізіп, Әдеп кодексінің талаптарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қызметтік көлікті тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі сапалылық және тағы да басқа мәселелер талқыланды.

 

Құдайберген Рысдаулет, Сарысу ауданы әкімі аппаратының басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.