Адамның жазуындағы өзгерістерге қарап, мидың әртүрлі ауруларын, соның ішінде инсульт пен деменцияны анықтауға болады. Бұл жайлы дәрігер-невропатолог Мария Чердак айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Газете.Ru»-ге сілтеме жасап.
«Жылдар өте адамның жазуы өзгеруі мүмкін. Оның себебі медициналық болуы мүмкін, мысалы, моториканың бұзылуы немесе көру қабілетінің нашарлауы. Сондай-ақ қолжазба стресс себебінен өзгеруі мүмкін. Өйткені біздің өміріміздегі мазасыздық пен уайымға толы күйзелістің өзі адамның жазуына әсер етеді. Алайда адамның жазуындағы кей өзгерістер ми аурулары жайлы хабар беретін белгі болуы мүмкін. Егер адамның жазуы кенеттен өзгерсе, оның себебі инсульт немесе жүйке жүйесінің басқа ауруы (ми жарақаты, склероз) болуы мүмкін», — деді дәрігер.Мысалы, Альцгеймер ауруында адамның жазуы өзгереді, оны аурудың әртүрлі кезеңдерінде байқауға болады. Бұл ауру адамның моторикасын тікелей бұзбайтынына қарамастан, ол сөйлеу қабілетінің бұзылуына, демек, өз ойын жазбаша түрде білдіру қабілетіне әкелуі мүмкін.
Қазір өзгерістерге бейімделе білу және заман талабына сай жаңа нәрселерді үйрену — жақсы қасиет. Алайда адамзат прогресі әрқашан жақсаруға әкеле бермейді. Мысалы, соңғы кездері әлемде көпшілікті ойландыратын тенденция байқалуда: адамдар қолмен жазудан бас тартып жатыр. Қолмен жазуды тоқтатудың қандай жағымсыз салдарлары бар? Мына жерден оқыңыз.
«Мысалы, жазудың және жол аралықтарының өлшемі ұлғаяды, қысым әлсірейді, жол сызығы біркелкі емес болады, жазу жылдамдығы да төмендейді. Қазіргі уақытта жасанды интеллектіні қолдана отырып, Альцгеймер ауруын қолжазба арқылы ерте диагностикалау әдістері де бар. Ал Паркинсон ауруы кезінде әріптердің көлемі кішірейеді (моншақ қолжазба): жазудың басында әріптер үлкенірек болады, ал соңында олардың ұсақталып кететіні соншалық, оны әрең ажыратасыз. Қолжазба тремор (діріл) болған кезде де өзгереді. Ал тремордың себебі Паркинсон ауруы немесе мишықтың зақымдануы болуы мүмкін», — деді дәрігер.
Адам ағзасындағы жасқа байланысты өзгерістер, атап айтқанда, қолдың, көздің ұсақ буындары
А. Жапатова
Фото: depositphotos.com
https://massaget.kz/news/adamnyin-jazuyindagyi-ozgerske-karap-aurudyi-anyiktauga-124232/?fbclid=IwY2xjawH_fbxleHRuA2FlbQIxMQABHRzTITQpGY4-hOjtCkIER_-g_CaCmQCFVX5ErcxvOAFgBKFUYkiEvE93SA_aem_RynWyNI4CvLWeSq-Q8mm4g