Адам құқықтары күніне орай дөңгелек үстел өтті

131

10 желтоқсан – Адам құқықтары күніне орай «Адам және оның құқықтары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – адам құқықтарының мәні мен маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетті арттыру, жастар арасында өз құқықтары мен міндеттерін білуге ынталандыру.
Дөңгелек үстелге Алибеков Арман Мұратұлы — Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің заң қызметі бастығы, әділет лейтенанты, Есенбекқызы Меруерт — Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімше инспекторы, полиция капитаны, Балнұр Мұратқызы — полиция аға лейтенанты, Алия Досова — аға инспектор, полиция майоры, студенттер қатысты.
Іс-шара барысында келесі мәселелер талқыланды:
— Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияның негізгі қағидалары;
— Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарының қорғалуы;
— Балалар құқығы, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері;
— Құқықтық сауаттылықты арттырудың маңызы;
— Қазіргі қоғамдағы адам құқықтарына қатысты өзекті мәселелер.
Шарада қатысушылар пікір алмасып, нақты жағдайлар бойынша талқылаулар өткізді. Мамандар адам құқықтарын қорғау механизмдері мен құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын түсіндірді.
Іс-шарада адам құқықтарын құрметтеу – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған ұсыныстар айттылды.
Дөңгелек үстел адам құқықтары саласындағы түсінік пен білімді тереңдетуге, қоғамда әділдік пен адамгершілік қағидаларын нығайтуға ықпал етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.