«Адалдық – ардың өлшемі»

118

Ағымдағы жылдың қазан айының 15 жұлдызында «Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырысы аясында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында Қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыру қызметін ұйымдастыру мақсатында №3 байзақ аудандық колледжінде  «Адалдық – ардың өлшемі» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді.

Ойынға  1 курс студеттерінен 10 команда қатысты. Ойын барысында қызықты сұрақтар қойылды. Жастар қызыға,тартыса қатысып,   өздерінің тапқыр екенің көрсете білді. Жеңімпаз, «Тәуеліздік», «Қазақстан» және «Білгіштер» командаларына бағалы сыйлықтар табысталды. Іс-шараның негізгі мақсаты жемқорлыққа жастар арасында төзбеушілік қағидатын қалыптастыру. Аталмыш шара жастар тарапынан жоғары бағаланып, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтумен аяқталды. Іс-шараға 50-ден аса адам қатысты. Ойын барысында ұйымдастырушылар барлық санитарлық шектеулерді қатаң ұстана отырып, іс-шара барысында медициналық маска киіп, жастардың денсаулығына зиянын келтірмеу шараларын қатаң ұстанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.