АДАЛ ЕҢБЕККЕ — ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

116
Əлеуметтік сала – еліміздегі ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Бүгінгі таңда қоғамда болып жат­қан оқиғалардың дені осы əлеуметтік мəселе төңірегінде туындап жататыны да шындық.
Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде дәл осы сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Осыған орай, бүгін ауданның әлеуметтік саласын алға ілгерілетуге күш салып жүрген қызметкерлерді арнайы қабылдап, меншікті мерекелерімен құттықтадым.
Қоғамда болып жат­қан мəселелерге атүс­ті қарамай, мем­лекет­іміздің əрбір көмекке зəру жандарына әрдайым қол ұшын созып жүретін мамандар мен сала ардагерлеріне “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыстап, Құрмет грамота және Алғыс хаттармен марапаттадық.
Сондай-ақ бүгін ауданымыздың ақпарат саласында өзіндік із қалдырған ардагер журналистермен, ғасырға жуық тарихы бар аудандық газеттің қызметкерлерімен кездестім. Өңіріміздің тыныс-тіршілігін қаламына арқау етіп, әрқашан қарбалас тірліктің ортасында жүретін қалам иелеріне “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін табыс еттім.
Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.