Бұл туралы актер Ерлан Төлеутай әлеуметтік желдіе жазды.
Қазақстандық фильм үш бірдей номинация бойынша мәртебелі марапатқа ие болып, фестиваль жеңімпазы атанды. Атап айтқанда:
* Jury Grand Prize (Гран-при жюри)
* Critical Jury Prize ( киносыншылар жүлдесі)
* NETPAC Jury Prize (Қазылар жүлдесі – NETPAC)
«Алғыс, саған, Везуль – қазақ киносын дүниежүзілік додаға қосқаның үшін «Әбілдің» бағын Самала жұлдыздай жаққаның үшін, Елзат Ескендірге әлемдік режиссер деп үкілі үміт таққаның үшін! Дәуірлей бер, Везулім! Жайнай бер, жарқын қала, жасай бер шадыман шаһардың жасампаз жандары!», — деп жазды cүйінші жаңалығын бөліскен актер Е. Төлеутай.
https://turkystan.kz/article/256218-bil-filmi-khalykaralyk-marapatka-ie-boldy