Абай облысының полицейлері 17 жыл халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Ер адам 17 жыл бойы іздеуде болды.
«Жас баланы зорлады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Ресей Федерациясының Новосібір қаласында ұсталды. Жыныстық зорлық-зомбылық оқиғасы 2023 жылдың наурыз айында облыс аудандарының бірінде болған», — деп хабарлады ПД.
Санкт-Петербургте аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Ер адам 2021 жылдан бастап алаяқтық фактісі бойынша халықаралық іздеуде болған.
Сонымен қатар, Ресейде жасырынған 62 жастағы күдікті ұсталды. Ер адам 17 жыл бойы іздеуде болды. Ол есірткіні ірі көлемде сақтағаны үшін ұсталды.
Сондай-ақ тағы бір күдіктіні полицейлер Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұстады, оның есебінде алаяқтықтың 10-нан астам эпизоды бар, — деп хабарлады полиция.
https://turkystan.kz/article/246629-abai-oblysynda-zhas-balany-zorlagan-er-adam-reseide-ustaldy