Абай облысында 7 жасар бала автобус есігіне қысылып қалған

77

Абай облысында 7 жасар баланың басы автобус есігіне қысылып қалған деп хабарлады turkystan.kz.

«Әйел адамның айтуынша, жүргізуші жолаушылардың толық түскеніне көз жеткізбестен, есіктерді жауып тастаған. Салдарынан 7 жасар бала есікке қысылып қалған. Ал жүргізуші қозғала бастаған кезде баланың денесі толығымен сыртта қалып кеткен. Осылайша ол баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді», – делінген хабарламада.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Абай облысы ПД 5 ақпан күні Hyundai автобусының 56 жастағы жүргізушісіне қатысты жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК 593-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кетсек, аталған бап 5 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлеуді қарастырады.

 

https://turkystan.kz/article/212619-abay-oblysynda-7-zhasar-bala-avtobus-esigine-kysylyp-kalgan/

Leave A Reply

Your email address will not be published.