Таразда партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының жобасы талқыланды
Бұл туралы "08info" ақпарат агенттігі "Нұр Отан" партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды
Тараз қалалық филиалының «Арайстроймаркет-2003» бастауыш партия ұйымы жиналысы өтіп, онда бірқатар мәселелер қаралды. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы»: Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі», партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері талқыланды. Сонымен қатар, Тараз қалалық филиалының кезектен тыс конференциясына делегаттар сайланды. Жиналыс жұмысына бастауыш партия ұйымы төрағасы, бастауыш ұйымның Бюро мүшелері және партиялық топтардың мүшелері қатысты.
Қазіргі таңда «Арайстроймаркет-2003» бастауыш партия ұйымында 496 партия мүшесі бар екендігін атап өткен БПҰ төрағасының орынбасары Минура Божымбаева партия құрылған 20 жыл ішінде еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуы жолында үлкен еңбектер атқарылып, халықтың зор сеніміне ие болғаны анық сезілетінін айтты.
Сондай-ақ, жиында «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы «Арайстроймаркет-2003» ЖШС бастауыш партия ұйымының Бюро мүшесі Бахыт Сапаралиева партияның 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері туралы баяндады.
Бүгінде партия алдында Елбасының Жолдауын іске асыруымен байланысты ауқымды мақсаттар тұр. Бұл міндеттерді орындау үшін партияның бірлігін одан ары арттырып, БПҰ мен фракция депутаттары қызметін жандандырып, қоғамда санасын мемлекет басшысы, партия көшбасшысының Жолдауын қолдауға бағытталған сана қалыптастыру қажет.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – партия қалалық филиалының кезектен тыс конференциясына сайланатын делегаттардың құрамы бойынша Айнұр Жаманқұлова ұсыныс жасады. Партия Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросы қаулысымен бекітілген өкілдік норма бойынша 76 партия мүшесінен 1 делегат сайланады. Сол себепті, 496 партия мүшесі бар БПҰ-нан 6 делегат ұсынылып, тізім партиялықтардық қолдауымен бекітілді.
Жалпы «Арайстроймаркет-2003» ЖШС тұрғын үй және әлеуметтік құрылыс нысандарын салумен айналысады. Құрылыс жұмыстарына заманауи технология жетістіктерін енгізе отырып, нысандардың сапалы, әрі тиімді болуын басты назарда ұстап келеді. Сонымен қатар, компания республика мен облыс аумағында жол құрылысын жүргізіп келеді.
Сонымен қатар, компанияда пластикалық құрастырмаларды өндіру цехы жұмыс жасайды. Оның ішінде, пластикалық есіктер мен терезелер жасап, оларды тұрғындарға тегін орнату қызметін көрсетеді. 2015 жылдың 8 қазаны күні компания жұмысымен Елбасы Н.Ә.Назарбаев танысып, «Аллюминий радиаторы» зауытының жұмысына жоғары баға берген болатын. Бұл – облыс қана емес, елімізде ең алғаш қолға алынып отырған жоба. Бұрын ғимараттарды жылытатын алюминий радиаторлар шетелдерден сатып әкелінетін. Зауыттың жылдық өнім өндіру қуаты – 250 мың алюминий радиатор шығаруға дейін жетеді.