Сәрсенбі күні Грузияда президент сайлауының екінші кезеңінде дауыс беру үшін 3,6 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды. Сайлаушылар екі кандидаттың бірі — «Грузия арманы» басқарушы партиясынан кандидат Саломе Зурабишвили немесе «Біртұтас ұлттық қозғалыс» оппозициялық партиясының өкілі Григол Вашадзеге дауыс береді. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Анна Микеладзе тілшілерге Грузияда барлық сайлау учаскелері уақытылы ашылғанын, дауыс беру өтіп жатқанын айтты. Оның сөздерінше, «дауыс беру процесі бейбіт жағдайда өтуде».
ОСК-нің мәліметінше, 3 703 сайлау учаскесінің 55-і шет мемлекеттерде орналасқан. Сайлаушылар саны 3,5 млн адамнан асып жығылады.
Грузия аумағындағы учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылады. Бұл ретте, шетелде жүрген ел азаматтары жергілікті уақыт бойынша сағат 24:00-ге дейін дауыс бере алады. 28 қараша Грузияда демалыс күні болып жарияланған.
Айта кетейік, 28 қазанда өткен сайлаудың бірінші турында Зурабишвили — 38,64 пайыз, ал Вашадзе37,74 пайыз дауыс жинады. Конституциядағы өзгерістерге сәйкес, бұл Грузия президентін соңғы тікелей сайлау.