Тағайындау

68
Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың директоры лауазымына Ибраимов Марат Кенжебекович тағайындалды.
Ибраимов Марат Кенжебекович 1974 жылы 16 сәуірде Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген.
1991-1996жж — Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша инженер-механик біліктілігі берілді. 2002-2004ж.ж — М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің «Дене тәрбиелеу мәдениеті және спорт» мамандығы бойынша дене шынықтыру педогогы біліктілігі берілді.
Еңбек жолы:
2002-2017 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №28 Ә.Молдағұлова атындағы орта мектебі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;
2012-2013 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері;
2013-2016 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Рауан» балалар-сауықтыру лагерінің директоры;
2014-2016 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері;
2016-2026 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің техникалық шығармашылық орталығының директоры лауазымын атқарып келді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.