«Қазгидромет» құрғақшылық қаупі бар өңірлерді атады

89
Шілде айында бірқатар өңірде құрғақшылық болуы ықтимал.
«Қазгидромет» болжамына сүйенсек, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарына қуаңшылық қаупі бар.
Ал Қостанай облысының Қарабалық және Жітіқара аудандарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының Мәртөк, Ойыл, Хромтау аудандары мен Ақтөбе қаласында ылғалды бірқалыпты күн райы сақталады.
Елдің қалған аумағында да ауа райы бірқалыпты болады деп болжануда.
Leave A Reply

Your email address will not be published.