Тараз қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған балалар үйінің түлектері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар көптен күткен жалдамалы пәтер кілттеріне ие болды.
Бұл баспаналар тұрғын үй кезегінде ұзақ жылдар тұрған азаматтарға беріліп жатыр.
Отбасы банк мәліметінше, тұрғын үй кезегін бөлу процесі бір жылдан астам уақыттан бері ашық әрі онлайн форматта жүргізілуде. Енді кез келген азамат өз кезегін orken.otbasybank.kz платформасы арқылы тексере алады.