Аққия ауылында балалар ойын алаңшасы ашылды

56

Бүгін Аққия ауылында балаларға арналған заманауи ойын алаңшасының ашылу салтанаты өтті. Ауыл тұрғындары көптен күткен нысан бүлдіршіндердің игілігіне беріліп, ауыл балалары үшін қуанышты күнге айналды.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, ауыл ақсақалдары, тұрғындар мен жастар қатысты. Іс-шара барысында балаларға қолайлы орта қалыптастырудың маңыздылығы айтылып, өскелең ұрпақтың сапалы демалысы мен қауіпсіз ойын алаңдарында уақыт өткізуі басты назарда екені атап өтілді.

Жаңа ойын алаңшасының жалпы құны 20 миллион теңгені құрайды. Аталған жоба Жалғызтөбе ауылдық округінің 20 жылдық түлектерінің демеушілігімен жүзеге асырылған. Ауыл тұрғындары игі бастамаға қолдау білдірген азаматтарға алғыстарын жеткізді.

Сонымен қатар, Жалғызтөбе ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Қошқарбаев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Шара соңында шашу шашылып, көпшілік жаңа ойын алаңшасын тамашалады. Балалар асыр салып ойнап, тұрғындар қуаныштарымен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.