Білім саласындағы ашықтық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыру тақырыбында кездесу өтті.
2026 жылғы 28 мамыр күні Тараз қаласындағы №67 орта мектептің акт залында «Білім саласындағы ашықтық пен адалдық қағидаттарын қалыптастыру» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараны «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Кездесуге мектеп директорлары, балабақша директорлары мен бухгалтерлері қатысып, білім беру саласындағы ашықтық пен адалдықты нығайту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің сарапшысы, заңгер Самира Өмірбайқызы Тайтенова білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, қоғамдық бақылаудың маңыздылығы және заңнама талаптарын сақтау мәселелері жөнінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің маманы Ернар Нұрболұлы мемлекеттік қызмет саласындағы әдеп қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда адалдық құндылықтарын дәріптеу бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибеде кездесетін мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Іс-шара білім беру ұйымдарында ашықтық пен адалдық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғам сенімін нығайтуға бағытталған маңызды алаң болды.
Іс-шара Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.