ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР БАС ҚОСТЫ

64
🔥 Бүгін киелі Әулиеата төрінде жалынды жастардың басы бір арнада тоғысты.
🇰🇿 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Әбутәліп Мүтәлі «Жастар Рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «BIR TOLQYNDA» ашық диалог алаңында аймақ жастарымен еркін форматта кездесті.
📍 Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде өткен мазмұнды кездесуде ел болашағы, жастардың қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі, жаңа бастамалар мен мүмкіндіктер жайлы келелі әңгіме өрбіді.
💬 Мәжілісмендер жастардың тың идеялары мен бастамаларын қолдаудың маңызын атап өтіп, ашық диалогтың қоғам дамуына серпін беретінін жеткізді.
✨ «Bir Tolqynda» алаңының басты ерекшелігі – жастарға еркін пікір алмасуға мүмкіндік берілуі. Белсенді жастар өз жетістік тарихтарымен бөлісіп, қатарластарына мотивация сыйлады.
🤝 Кездесу барысында қатысушылар көкейдегі сауалдарын ашық қойып, нақты жауаптар алды. Осындай мазмұнды кездесулер жастарға жаңа серпін, жаңа сенім беретіні анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.