Діни бірлестіктермен байланыс берік

44

Қазіргі әлемде діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік мәселесі тек сенім бостандығының аясымен шектелмейді. Бұл – қоғамдық тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік, азаматтық келісім және мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімге тікелей әсер ететін маңызды сала. Әлемнің әр мемлекеті бұл бағытта өз тарихына, құқықтық жүйесіне және қоғамдық ерекшелігіне сай түрлі тетіктер қалыптастырған. Бірі қатаң құқықтық реттеуге басымдық берсе, енді бірі диалог пен серіктестікке сүйенеді. Ал Қазақстан осы үдерісте зайырлылық қағидатын сақтай отырып, діни бірлестіктермен сындарлы қарым-қатынас орнатуға негізделген өзіндік ұлттық модель қалыптастырып келеді.

Қазақстан бұл бағытта өзіндік тәжірибе жинақтады. Еліміз зайырлы мемлекет ретінде дін мен мемлекеттің ара-жігін нақты ажыратады, бірақ дінді қоғамнан бөліп қарамайды. Бұл ұстаным Қазақстанның көпэтносты, көпконфессиялы болмысымен тығыз байланысты. Түрлі ұлт пен түрлі сенім өкілдері қатар өмір сүретін қоғамда діни келісім мен өзара құрмет – тұрақтылықтың басты шарттарының бірі. Сондықтан елімізде діни бірлестіктермен байланыс тек тіркеу немесе бақылау аясында ғана емес, түсіндіру, ағарту, диалог және алдын алу жұмыстары арқылы да жүзеге асырылады.

Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес облыс әкімдігінің білім басқармасының бөлім басшысы Е.Таткеевтің «Кәмелетке толмағандардың арасында деструктивті діни идеологияның таралуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын жетілдіру туралы» және Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаевтың «Шу ауданы аумағындағы діни ахуал туралы» тақырыптағы баяндамалары тыңдалды.

Кеңес отырысы барысында білім саласы мен Шу ауданындағы діни ахуал жайлы өзекті мәселелер қаралып, Кеңес мүшелерімен сұрақтар  қойылып, баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптар берілді.

Жиынның соңында Кеңес отырысына төрағалық еткен облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Е.Ақбай діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу  жұмыстарын ары қарай жалғастыру қажет екендігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.