Таразда студенттерге жол ережелерін бұзудың салдары нақты мысалдар арқылы көрсетілді

26

Полиция қызметкерлері Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенттерімен жол қозғалысы ережелерін сақтау және скутерлер мен мопедтерді қауіпсіз басқару мәселелеріне арналған профилактикалық сабақ өткізді.

— Көпшілік скутерді қарапайым, жылдам әрі ыңғайлы көлік деп ойлайды. Бірақ олар да жол қозғалысының толыққанды қатысушысы, демек жауапкершілігін білу міндетті, — деді ПД Патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов.

Статистика бұл мәселенің маңыздылығын растайды. 2026 жылдың басынан бері Тараз қаласында скутерлермен 15 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 10 адам жарақат алған.

Кездесу барысында студенттерге жол-көлік оқиғаларының бейнежазбалары көрсетіліп, тіпті елеусіз ереже бұзудың өзі ауыр салдарға әкелуі мүмкін екені нақты көрсетілді.

Полиция қызметкерлері ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтарға — қорғаныш құралдарының болмауы, жылдамдықты асыру және қиылыстардан өту ережелерін елемеуге ерекше назар аударды. Биыл 22 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 27 скутер айыппұл тұрағына қойылған.

Теориялық бөлімнен кейін кездесу ашық диалог форматында жалғасты. Студенттер сұрақтар қойып, нақты жол жағдайларын талқылап, полиция қызметкерлерімен бірге дұрыс шешімдерді қарастырды.

Іс-шараның соңында студенттер айыппұл тұрағына барып, жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккен көліктер арқылы оның салдарын көздерімен көрді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.