Белгілі продюсер Гүлнұр Мамасарипова желіде өз бойындағы қорқынышын жеңгені жайында жазба қалдырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жыланды мойынына орап, ерекше фотосессия жасаған.
«Жылан жыланнан қорықпайды” деп қоямын, тілім жаман ғой менің сөзбен “шағып” алатыным баааар. Бүгін “1+3” фотосессиясын жасадық. Мен сол баяғы қыстырылысып жыланмен фотоға түсіп алдым. Бір қорқынышты жеңіп тұрмын, осы тұрғанда. Сіз неден қорқасыз?», — деп сауал тастады Г. Мамасарипова.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/278615-zylan-zylannan-qoryqpaidy-gulnur-mamasaripova-erekse-fotosessiia-zasatty