Асалық жастар дауыс беруде

56

2529 дауыс берушісі бар Аса ауылындағы аудандық мәдениет үйінде орналасқан №167 референдум учаскесі қалыпты режимде жұмыс жасауда. Жергілікті тұрғындар және жастар жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыұлттық республикалық референдумда дауыс
беріп, таңдау жасауда. Арасында алғаш рет дауыс беріп жатқан жастар да бар. Соның бірі – Жәнерке Дүйсенбай.
– Мен бүгін референдумда толқынысты сәтті сезініп жатырмын. Жуырда ғана 18 жасқа толған едім. Бұл – мен үшін қуанышты сәт. Өз таңдауымды жасадым, – деді Жәнерке Нұрланқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.