Жазасын өтеушілер Көрісу күнін атап өтті

47

Көрісу – адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі әрі жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Кейбір өңірлерде бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды.

Осы орайда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемеде жазасын өтеушілер мерекені ерекше өткізді. Бұл күні мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар жақындарыменұзақмерзімді кездесуге мүмкіндік алды.

– Көрісу күні – жүрекке жылу сыйлайтын мереке. Бұл мерекені Қазақстан халқы зор ықыласпен тойлайды. Аталмыш мерекеге біз алдын ала дайындалдық. Ұзақ мерзімді кездесуді асыға күттік. Жақындардың қауышатын сәті дәл Амал мерекесіне сәйкес келгенінің өзі ерекше әсер береді, –дейді кездесуге келген сотталғанның жұбайы.

Сондай-ақ сотталғандар ұзақ уақыт көріспеген отбасы, балаларымен, туған-туыстарымен, дос-жарандарымен жолығуға мүмкіндік алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.