Наурыз мерекесіне орай елордада 200-ден астам түрлі бағыттағы іс-шара мен акция ұйымдастырылады.
Достық үйінде «Ұлы Еліміздің Көрісу күні – Амал мерекесі» атты іс-шара;
12:00-де «Ататүрік» саябағында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты ауқымды жиын;
«Nauryz Sale» ауқымды азық-түлік жәрмеңкесі басталады.
«Ардагерлерді ардақтайық» акциясы;
ССО бірінде «Тілек ағашы – Армандар әлемі» орнатылады;
Кәсіпкерлердің «Он игі іс» акциясы өтеді.
17:00-де Е.Рахмадиев атындағы филармонияда «Мәдениет күні – шынайы дәстүр кеңістігі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылады.
Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ауқымды флешмоб және «Алтын асық» ойыны;
Көпбалалы аналарға «Күміс алқа» және «Алтын алқа» төсбелгілерін табыстау рәсімі өтеді.
13:00-де Е.Рахмадиев атындағы филармонияда «Алтын әже» республикалық байқауы;
Ұлттық музейде «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» іс-шарасы;
«Ұлттық киімдегі бір күн» челленджі басталады.
Кәсіпкерлер «Жауапты бизнес – жаңарған қала» ұранымен тазалық акциясын ұйымдастырады.
«QAZAQSTAN» жеңіл атлетика кешенінде «Ұлы дала ойындары» спорттық эстафетасы;
Бейбітшілік және келісім сарайында «Наурыз сыйлығы» ұлттық премиясы өтеді.
«Наурыз – береке бастауы» концерттік бағдарламалары қаладағы алаңдарда болады.
«Өзіңнен баста» челленджі;
«Жер сағаты» экологиялық акциясы ұйымдастырылады.