Бүгін ауданымызға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алтай Әлі референдумға дайындық барысын пысықтау мақсатында арнайы іссапармен келді. Алдымен Алтай Сембекұлы аудан әкімдігінің мәжіліс залында кездесу жиынын өткізді. Кездесуді аудан әкімі Сәкен Мамытов жүргізіп отырды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Республикалық референдумға дайындық барысы туралы» аудандық референдум комиссиясының төрағасы Дәулетберді Шортанбаевтың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Референдумға байланысты аудандағы ақпараттық жұмыстар туралы» аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Алтай Әлі референдумның өтуін жоғары деңгейде ұйымдастырудың маңыздылығы тоқталып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берді.
Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Алтай Сембекұлы аудандағы бірқатар референдум учаскелерін аралап, дайындық барысын тексерді. Бүгінде аудандағы барлық учаскелер референдумның өтуіне толық дайын. Зерделеу барысында Алтай Әлі дайындық жұмыстарына оң бағасын беріп, ауданымыздың алдағы науқанды абыроймен атқаратынына сенім білдірді.