Ұлт ұстазы мұрасы – заманауи білім беру үдерісінде

38
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті базасында ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсарин мұрасын жаңаша зерделеуге арналған «Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім берудегі трансформациялар мен жаңаша ізденістер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
✔️Аталған ғылыми жиынға еліміздің әр өңірінен келген ғалымдар, зерттеушілер, білім беру саласының мамандары мен жас ғалымдар қатысып, ұлы ағартушының педагогикалық идеяларының бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңызы мен өзектілігін талқылады.
✔️Конференция барысында қатысушылар Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұрасы, ұлттық білім беру жүйесін дамытудағы орны, сондай-ақ қазіргі заманғы білім беру трансформациялары жағдайында оның педагогикалық қағидаларын тиімді қолдану мәселелері төңірегінде өз ой-пікірлерін ортаға салды.
✔️Мұндай ғылыми алаңдар білім мен ғылымның дамуына серпін беріп қана қоймай, ұлттың рухани-ағартушылық құндылықтарын дәріптеуге де зор үлес қосады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.