Жамбыл әкімдігінде қанша әйел басшы бар? 8 наурыздағы қызық дерек

69

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінде басшылық қызмет атқарып жүрген нәзік жандылардың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Бүгінде өңірдегі мемлекеттік басқару саласында әйелдер маңызды қызметтерді атқарып, түрлі бағыттағы жауапты жұмыстарға жетекшілік етуде.

Қазіргі таңда Жамбыл облысы әкімдігінде бір облыс әкімінің орынбасары, бір басқарма басшысы, алты аудан және қала әкімінің орынбасары, сондай-ақ жеті облыстық басқарма басшысының орынбасары қызмет етеді.

Облыс әкімінің орынбасары

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін Айжан Есмағамбетова атқарады.

Айжан Серікбайқызы 1972 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді маман. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Санитария, гигиена және эпидемиология», 2005 жылы Қазақстандық медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау», ал 2008 жылы Almaty Management University-ін «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Алматы қаласындағы №7 емханасында фельдшер-зертханашы болып бастаған. Кейін санитариялық-эпидемиологиялық салада жауапты қызметтер атқарды. Пандемия кезеңінде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Денсаулық сақтау вице-министрі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болды.

2025 жылдың 8 шілдесінен бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, өңірдегі денсаулық сақтау және жұмыспен қамту саласына жетекшілік етеді.

Облыстық басқарма басшысы

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы – Сандуғаш Абдралиева.

САНДУҒАШ АБДРАЛИЕВА
САНДУҒАШ АБДРАЛИЕВА

Сандуғаш Ермаханқызы 1981 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және муниципалдық басқару», Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы экономика және статистика институтының Жамбыл облысындағы филиалында әдіскер болып бастаған. 2014 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылдың тамыз айынан бастап аталған басқарманың басшысы болып тағайындалды.

Қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары

Бүгінде Жамбыл облысында алты әйел қала және аудан әкімдерінің орынбасары қызметін атқаруда. Олар:

  • Гүлдана Жауынбекова – Тараз қаласы әкімінің орынбасары

  • Улана Сламбекова – Тараз қаласы әкімінің орынбасары

  • Махпал Досымбекова – Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары

  • Анар Ахметова – Жуалы ауданы әкімінің орынбасары

  • Дамира Сүгірбай – Қордай ауданы әкімінің орынбасары

  • Айтолқын Әбдібекова – Талас ауданы әкімінің орынбасары

Басқарма басшыларының орынбасарлары

Сонымен қатар облыстық басқармаларда жеті әйел басшының орынбасары қызмет атқарады:

  • Құралай Өскембекова – ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары

  • Лаура Отарбай – денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

  • Гүлдана Серікбаева – мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары

  • Ләззат Қызылқұлова – білім басқармасы басшысының орынбасары

  • Күнімжан Жанғожаева – білім басқармасы басшысының орынбасары

  • Гүлнұр Журабекова – кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары

  • Надира Жолдасбекова – экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары

Әйелдердің басқару жүйесіндегі рөлі

Мемлекеттік қызмет саласында әйелдердің үлесі жыл сайын артып келеді. Жамбыл облысында да нәзік жандылар түрлі бағыттағы жауапты қызметтерде еңбек етіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда.

turaninfo.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.