Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағымды жаңалық жарияланды

54

Әлеуметтік желіден

Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағымды жаңалық жарияланды: 7 наурыз 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) ақпан айына арналған жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңартылған тізімде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы ұйымның орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл оның аты допинг дауына іліккеніне қарамастан тіркеліп отыр.

Қазіргі уақытта Әлімханұлы кәсіпқой рингтен бір жылға уақытша шеттетілген. Соған қарамастан, ол IBF белбеуінен айырылған жоқ. Боксшы жыл соңына дейін міндетті жекпе-жек өткізуі тиіс.

Еске салайық, бұған дейін Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний заты анықталғанына байланысты шешім шығарған болатын. Соған қарамастан, ұйым оның чемпиондық атағын сақтап қалды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/277458-zanibek-alimxanulyna-qatysty-zagymdy-zanalyq-zariialandy-1

Leave A Reply

Your email address will not be published.