Мамандар Индонезиядағы ұшақ апатының себебін анықтауға кірісті

1 138

Индонезия билігі америкалық Boeing корпорациясынан апатқа ұшыраған су жаңа лайнерде неліктен ақау шыққанын түсіндіруді талап етті.

Бүгін Ява теңізіне құлаған әуе кемесінің қара жәшігі табылғаннан кейін қайғылы оқиғаға қатысты шұғыл баспасөз конференциясы өтті. Көлік министрінің айтуынша, Boeing компаниясынан осы уақытқа дейін сатып алынған барлық ұшақтар толық тексерістен өтіп, олардан еш ақау табылмағанын айтты.

Буди Кариа, Индонезияның көлік министрі:

– Біз құтқару-іздестіру операциясына қатысқандардың еңбегін жоғары бағалаймыз. Қара жәшік көлік қауіпсіздік комитетінің мамандарына тапсырылады. Олардың жұмысына барынша көмектесетін боламыз.

Еске салайық, қазанның 29-ы күні Джакартадағы теңізге құлаған әуе кемесінің бортында 189 адам болған. Қайғылы оқиға орын алған жерде іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Ұшақтың табылған бөлшектері Танджунг Приок теңіз портына жеткізіліп жатыр.

24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.