Таразда «Полиция барысы» мектеп оқушыларымен есірткіге қарсы кездесу өткізді

54

Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы Тұрар Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде оқушылармен профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, «Полиция Барысы», Азияның екі дүркін чемпионы, 2007 жылғы Қазақстан чемпионы және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Бегімхан Адильбеков қатысты.

Кездесу барысында полиция майоры — оқушыларға өзінің кәсіби және спорттағы жолы туралы айтып берді. Ол спорт, тәртіп және табандылықтың қызмет пен өмірде жоғары жетістіктерге жетуге қалай көмектесетінін, салауатты өмір салты мен зиянды әдеттерден бас тартудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері оқушыларға есірткі қолданудың зиянды әсерін түсіндіріп, заңсыз есірткі айналымы бойынша қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат берді. Өз кезегінде оқушылар да көкейіндегі сұрақтарын қойып, қызықты пікір алмасу орын алды.

Әсіресе, Жамбыл облысы ПД кинологиялық қызметінің көрсетілімдері оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қызметтік иттер тыйым салынған заттарды іздеу дағдыларын және қызметтік дайындық элементтерін көрсетті.

Іс-шара аясында жасөспірімдердің өз денсаулығы мен болашағына саналы көзқарас қалыптастыру мақсатында нашақорлыққа қарсы бағыттағы бейнежазбалар да көрсетілді.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және салауатты әрі қауіпсіз өмір салтын насихаттауға септігін тигізеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.