«Қақпа алдында кездесу» – еркін өмірге бастар қадам

116

Бүгін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Мекемеден босап шыққан азамат еркіндікке шығып, қақпа алдында жақындарымен жүздесіп, қуанышпен қауышты.

Іс-шара барысында алдағы еркін өмірге бейімдеу мақсатында Тараз қаласының Мансап орталығының қызметкерлері тарапынан аталған азаматқа және оның жақындарына әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді. Босап шыққаннан кейін орталыққа өтінім беру тәртібі, көрсетілетін қызмет түрлері, әлеуметтік қолдау шаралары, қажетті құжаттар тізімі, орталықтың мекенжайы және өзге де маңызды мәселелер бойынша жан-жақты кеңестер берілді.

Сонымен қатар іс-шараға учаскелік полиция инспекторы, пробация қызметінің мамандары және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері қатысып, тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытта қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші, мекеме қызметкерлері азаматқа жаңа өміріне нық қадам басуына бағыт-бағдар беріп, сәттілік тілеп, ізгі ниеттерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.