Тазалық – ортақ міндет

56

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қарасты №59 мекемесінің жеке құрамы мекеме аумағын абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында сенбілік өткізді.

Іс-шара барысында қызметкерлер аумақты қоқыстан тазалап, көгалдандыру және ретке келтіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, мекеме айналасы мен қызметтік ғимараттардың маңы тазартылып, тәртіпке келтірілді.

Мұндай шаралар ұжымның ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға да оң ықпал етеді. Тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.