Рудныйда адам өлтірді деген күдікке ілінген жасөспірімдер ұсталды

49

Фото: ng.kz

Рудныйда адам өлтірді деген күдікке ілінген жасөспірімдер ұсталды: 25 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
24 қаңтарда Көкшетау қаласындағы жедел-іздестіру операциясы барысында Қостанай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесіп, Рудныйда жасалған кісі өлтіруге қатысты екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Kazinform.

Бұған дейін хабарланғандай, 23 қаңтарда Рудный қаласының 19 жастағы тұрғыны көпқабатты үйдің кіреберісінен пышақ жарақатымен табылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Алдын ала ақпарат бойынша, күдіктілер жәбірленушімен таныс болған. Қайғылы оқиға жеке жанжалдан туындаған. Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/275119-rudnyida-adam-oltirdi-degen-kudikke-ilingen-zasospirimder-ustaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.