2018 жылғы 29 қазанда Тараз қаласында негізгі мақсаты жүргізушілердің жаяу жүргінші өткелінен өту және жаяу жүргіншілердің жүру бөлігінен өту кезіндегі жасайтын бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу болып табылатын Республикалық «Назар аударыңыз – жаяу жүргінші!» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Статистикалық мәліметтер бойынша, Тараз қаласы аумағында жалпы жаяу жүргіншілердің қатысуымен жыл басынан бері 368 жол-көлік оқиғасы тіркелген, онда 17 адам қаза тауып, 484 адам зардап шеккен. Осындай жол-көлік оқиғаларының 98% жүргізушілердің кінәсінен орын алған.
Аталмыш іс-шара 2018 жылдың 2 қарашасына дейін жалғасады.
Тараз қаласы полиция басқармасының жол-патрульдік полиция батальоны