Сайлауалды бағдарламаны іске асыру – партияның басты міндеті

55
2022 жылғы 26 сәуірде AMANAT партиясының кезектен тыс XXIII съезінде Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «AMANAT партиясы әлеуметтік әділдік қағидатын орнықтыруға әрдайым баса мән берді. Мемлекеттілікті нығайту және ел бірлігін бекем­деу – партияның айрықша миссиясының бірі» екенін атап көрсетті.
AMANAT партиясы ел аманатын арқалай отырып, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын барша азаматтарды Президент Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформаларын қолдауға, Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегіне бірігуде жұмыс жасауда.
Мақсатымыз – Қазақстанның әрбір азаматының құқы, еркі қорғалған, адал еңбегімен, білім – білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру.
Осы ретте партияның Талас аудандық филиалы партия Жарғысы мен Саяси тұғырнамасын және Сайлауалды бағдарламасын басшылыққа алып жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі күні партия аудандық филиалдың құрамында 4592 партия мүшесін біріктірген 25 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.
Бастауыш партия ұйымдары – партияның негізгі тірегі және қоғамдағы беделін қалыптастыратын күш. Сонымен қатар халық сұранысына үн қатып, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесетін мемлекеттік бастамаларды кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізетін партия ұйымы.
Жоспарға сәйкес ағымдағы жылы барлық бастауыш партия ұйымдарында және аудандық филиалы саяси кеңесінің есеп беру жиналыстары мен конференция өтті.
Есеп беру жиналыстары мен конференцияда партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция жетекшісі мен бастауыш партия ұйымы төрағалары мен аудандық мәслихаттың депутаттары есеп берді.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан туындалған міндеттерді іске асыруда Бастауыш партия ұйымдарында кездесулер өткізді.
Есепті кезеңде, яғни ағымдағы жылы партия аудандық филиалының кезектен тыс 5 конференциясы, 1-саяси кеңесі мен 8 бюро отырысы өтті. Өткізілген конференциялар мен саяси кеңес бюросында партия аудандық филиалы жұмыстары мен ауылдық округтері әкімі сайлауына партиядан үміткерлерді ұсыну мәселелері қаралды.
2025 жылы Ақкөл, Көктал, Аққұм, Қызыләуіт ауылдық округі мен Қаратау қаласы әкімінің сайлауы өтті. «AMANAT» партиясынан ұсынылған кандидаттар жеңіске жетті. Бұл-біздің ортақ жетістігіміздің айқын дәлелі.
Ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, міндет те ерекше.
Ағымдағы жылғы 28 қарашада Астана қаласында өткен Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «…Әкім – ең алдымен халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл өте жауапты жұмыс. Ауыл әкімі ауылдың болмысын, ауылдағы ағайынның өмірін жете түсінетін нағыз іскер маман болу керек», — деп баса айтты.
Бүгінгі күні 14 ауылдық округі мен қала әкімдерінің 12-сі партиядан ұсынылып сайланған, яғни 85,7% құрайды. Бұл деген халықтың партияға деген үлкен сенімі.
Партиялық ішкі тәртіпті сақтау, сайлауалды бағдарлама аясында салынып және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасын қадағалау мақсатында құрамында 11 адамнан тұратын Партиялық бақылау комиссиясы жұмыс істейді.
Есепті кезеңде партиялық бақылау комиссиясының жоспарына сәйкес 11 отырыс өткізіліп, 12 мәселе қаралды.
Негізгі қаралған мәселелер: AMANAT партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі ауданның Жол картасындағы басым бағыттары бойынша іс-шаралар мен көрсеткіштердің орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының есебі тыңдалды, білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына және аудан бойынша әлеуметтік нысандардың жылу беру мерзіміне дайындықтары қаралды. Сонымен қатар, партиядан сайланған ауылдық округ әкімдерінің сайлауалды бағдарламасын орындалуы туралы есеп тыңдалды.
Жоғарыда айтылған күн тәртібіндегі мәселелелер бойынша комиссия отырысында жан-жақты талқыланып, тиісті қаулылар қабылданды және бақылауға алынды.
Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында салынған және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген нысандардың сапасын қадағалау мақсатында 2023 жылдан 21 партиялық бақылау бекеті ашылып, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері бекітілді. Ағымдағы жылы 5 партиялық бақылау бекеті ашылды, атап айтсақ Ақкөл ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық бөлімшенің құрылысы (бекет басшысы Ғ.Қартабаев), Қаратау қаласы Тамды әулие көшесін қайта жөндеу (бекет басшысы Н.Манатбек), Қаратау қаласы Панфилов көшесі жолын реконструкциялау (бекет басшысы М.Есқараев) және Бостандық ауылындағы спорт кешені (бекет басшысы Р.Батаев), Қараой ауылындағы Таза ауыз су жүйесі (бекет басшысы Х.Омаров).
Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарының аяқталып. халық игілігі­не пайдалануға берілуіне байланысты 3 партиялық бекет жабылды.
Осының ішінде әлеуметтік азық-түліктер мен дәрі-дәрмектердің, жанармай мен газ бағаларының тұрақтылығын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 25 рейд жүргізілді.
Есепті кезеңде партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның 5 отырысы өтіп, 9 мәселе қаралды. 4-уі жоспарға сәйкес, 1-і кезектен тыс. Өткізілген фракция отырысында партияның «Халықпен бірге» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Талас ауданы бойынша Жол картасындағы көрсеткіштерді және «Ауыл аманаты» жобасын орындау, мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтын «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындалған мәселелерд іске асыру және партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшелерінің жұмыстары қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.
Депутаттық фракция отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары есеп берді.
2025 жылы партияның аудандық мәслихаттағы фракция мүшелері 96 депутаттық сауал жолдады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 32 сауалға артып отыр. Депутаттық сауалда қойылған негізгі сұрақтар елді-мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, әлеуметтік нысандар салу және жаңғырту, әлеуметтік жәрдемақылар мен ерекше санаттағы азаматтарға қолдау көрсету.
Партиялық бақылау комиссиясы мен партия аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінің қатысуымен 247 іс-шара өтті.
Партия Талас аудандық филиалы жұмысының негізгі бағыттарының бірі партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасы мен партиялық жобаларды іске асыру.
Осы ретте партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудан бойынша Жол картасындағы 2025 жылға бекі­тіл­ген 48 іс-шараның 40 орындалды. 2 іс-шара келесі жылға ауыспалы.
Партия аудандық филиалдың ұйымдастыруымен 13 партиялық жоба іске асырылуда. Атап айтсақ; проблемалық бағытта: «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Құқықтық көмек», «Таза Қазақстан»; стратегилық бағытта: «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Жастарға жұмыс»; иммиджік бағытта: «Кітап-AMANAT», «Томирис», «Қайсар», «Менің елім – менің тілім», «Ұлттық мұра» партиялық жобаларды іске асыруда.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» партиялық жобалардың тиімділігін атап көрсетті.
2023-2024 жылдары «Ауыл аманаты» партиялық жоба аясында 5 ауылдық округке (Аққұм, Ақкөл, С.Шәкіров, Бостандық және Берікқара) енгізіліп 588 жобаға 3 млрд. 554 млн теңге қаражат берілді.
Қазіргі кезде осы жобаның 5-ші бағыты бойынша ағымдағы жылы Қаратау қаласы мен ауылдық округтерден 311,9 млн теңгеге 44 жоба қаржыландырылды.
Сала бойынша: ауылшаруашылығы – 8 жоба (61,15 млн теңге), Тамақ өнеркәсібі – 7 жоба (51,56 млн теңге), құрылысқа қажетті өнімдер шығару бойынша – 7 жоба (50,3 млн теңге), қызмет көрсету саласы – 22 жоба (145,9 млн теңге).
Ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру және отбасылық кірістері мен алған несиелерін тиімді пайдалану мақсатында «Қарызсыз қоғам» партиялық жоба аясында аудан бойынша 3059 адам білім алып оқу курстарынан өтті.
«Жер аманаты» комиссиясы бойынша жоспарланған 8,0 мың гектар жердің 11 айда 7809 гектар жері қайтарылды. Бұл 97,6 пайызды құрайды.
Баршамызға мәлім елімізде 2024 жылдан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Осы акцияны қолдау мақсатында партияның «Таза бейсенбі» санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Акция аясында партия Талас аудандық филиалының ұйымдастыруымен 48-ге жуық іс-шара өтіп 1500-ге жуық адам қатысты. 50 тоннадан аса қоқыс шығарылды.
Акцияның мақсаты қазақстандықтардың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы тек қоқыс жинау емес, әрбір азамат рухани тазару керек. Бұл – сөздің тазалығы, қолдың тазалығы, жүректің тазалығы.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан Халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды іске асыру үшін партия Талас аудандық филиалы, партия белсенділері мен аудандық мәслихаты депутаттарынан, жұмысшы тобы құрылып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«AMANAT» партиясының бүгінгі таңдағы жұмыстарының маңызды және аса жауапты бағыттарының бірі – қоғамдық қабылдау қызметі болып табылады.
Қоғамдық қабылдау бөлмелелері – партияның барлық филиалдарында тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Қоғымдық қабылдаудың ең басты мақсаты – өтініштермен келген барлық азаматтармен тікелей кездесіп, сұхбаттасып, олардың мұң-мұқтажы мен толғандыратын әлеуметтік мәселелерін зерделеумен ерекшеленеді. Сонымен қатар, партия филиалдары азаматтардың өтініштерін түскеннен бастап түпкілікті шешім алғанға дейін қарауын қамтамасыз етеді.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2025 жылдың есепті кезеңінде 234 өтініш түсіп, оның 172 немесе 73,5% оң шешілуіне тікелей атсалысып, 63 немесе 26,9%-ы бойынша түсініктемелер берілді.
Есепті кезеңде 77 қабылдау өткізіліп, оның:
— ҚР Парламенті Мәжлісінің депутаттары — 1;
— Партия аймақтық және аумақтық филиал төрағалары — 12;
— Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары — 28;
— Әкім және әкім орынбасарлары — 13;
— Жергілікті мемлекеттік орган басшылары — 15;
— Мобильді қоғамдық қабылдау — 8.
Бұдан бөлек, мемлекеттік орган өкілдері 5 тақырыптық және көшпелі қабылдаулар өткізіп, онда 10 адам қабылданған.
Сонымен қатар сайлау барысында, яғни үгіт-насихат кезінде сайлаушылардан түскен талап-тілектер (аманаттар) – 74. Оның 72-сі аудан деңгейінде. Орындалғаны 77, яғни 97% құрап отыр. 2 орындалу үстінде.
Партия Талас аудандық филиалы жанында «Жастар рухы» Жастар қанаты жұмыс істейді. Бүгінгі күні 285 мүшесі бар. Партиялық жобаларды іске асыруда белсенділік танытуда. Есепті кезеңде 1014 іс-шара өткізіліп 21 397 жас қамтылды.
Партиялық ішкі тәртіпті бұзған, сыбайлас жемқорлққа тартылған партия мүшелері жоқ.
Есепті кезеңде атқарылған жұмыстар бойынша БАҚ-ы мен әлеуметтік желіде ақпараттар мен мақалалар жарияланды. Газет бетінде 3 мақала, әлеуметтік желіде 786 пост жарияланды.
Сонымен қатар 2025 жылдың қорытындысы бойынша 5 оқу семинары мен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.
Бүгінгі күні партия Талас аудандық филиалы партиядан сайланған аудандық мәслихат депутаттары AMANAT партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудан бойынша Жол картасындағы бекітілген іс-шаралар мен көрсеткіштерді және сайлаушылардан түскен талап-тілектерді орындауда белсенді қызмет жасауда.
AMANAT партиясының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын, табысын арттыра отырып әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту.
Докторбек Мәселбеков,
АМАNАТ партиясы Талас аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.