ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТЕР ПАЙДАЛАНЫЛУҒА БЕРІЛДІ

51
Бүгін Тараз қаласында ауылшаруашылық қызметкерлері күніне орай, ветеринария қызметтің жұмысын күшейтуге бағытталған шара өтті. Шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы міндеттер туралы айтты.
Іс шара барысында облыс басшысы аудандық ветеринария бөліміне 5 нива және аудандық орман шаруашылығы бөліміне 3 хайлюкс автокөліктерін табыстады. Көліктерді табыстау рәсіміне ауданымыздан қатысқан аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабеков қызметтік көліктердің кілтін қабылдап алды.
Жаңа көліктер ветеринарлардың ауыл-аймақтарда жедел жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Аталған қолдау шаралары ветеринариялық қауіпсіздікті күшейтіп, сала мамандарының жұмыс жағдайын жақсартуға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.