Банк ақшасын ұрлаған адам Швециядан экстрадицияланды

54

Фото: Бас прокуратура

Банк ақшасын ұрлаған адам Швециядан экстрадицияланды: 20 желтоқсан 2025, жаңалықтар Turkystan.kz
Бас прокуратура аса ірі көлемде ақша ұрлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматы Швециядан экстрадицияланғанын хабарлады.

Күдікті 2018 жылы екінші деңгейдегі банктердің бірінің мобильді қосымшасында орын алған жүйелік қателерді пайдаланып, банк картасының ағымдағы шотындағы теңгерімнен асатын сомаларға ойдан шығарылған аударымдар жасаған.

«Соның салдарынан банкке 55 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған», — деп жазылған хабарламада.

Осы жылы ол Швеция Корольдігінің аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Айта кетейік, Швециямен экстрадициялау туралы келісім болмаса да, 2023 жылдан бері бұл елден Қазақстанға 4 адам, оның ішінде жалған ақша жасау және алаяқтық үшін экстрадицияланған.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/273172-bank-aqsasyn-urlagan-adam-sveciiadan-ekstradiciialandy

Leave A Reply

Your email address will not be published.