Талдықорғанда мас күйінде көлік жүргізген полиция қызметкері 60 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Жол апаты 2 қараша күні кешке болған. Зардап шеккен әйелдің бірнеше сүйегі сынған, қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.
Тергеу барысында көлікті Талдықорған қалалық полициясының тергеушісі басқарғаны анықталды. Ол мас күйінде болған. Оқиға белгілі болғаннан кейін қызметінен босатылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаеваны полиция көлік жүргізу кезінде тоқтатып, сараптама оның мас күйде болғанын растаған еді.
https://kaz.orda.kz/taldykorganda-mas-policej-60-zhastagy-ajeldi-kagyp-ketti-135891/
Фото: Pixabay.com