Абай облысында болған жол-көлік оқиғасында аралас жекпе-жектен Азия чемпионы, Қазақстан құрамасының мүшесі 19 жастағы Нұрмағамбет Тұрарбеков көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға спортшылар Астанада өткен Азия чемпионатынан оралған сәтте болған. Команда жарыстан кейін Семейге қайтып бара жатқан.
Университет баспасөз қызметі қайғылы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.
«Заң факультетінің студенттері Тұрарбеков Нұрмағамбет Бауыржанұлы, Оңдабай Рефхат Серікжанұлы және Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің студенті Абдималиков Рустамбек Нурмуродұлының ата-аналарына, туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз», – деп жариялады университет.
Еске сала кетейік, Қазақстандық әнші Индира Елемес президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектен көмек сұрап, бейнеүндеу жариялады
Фото: abu.enu.kz