Қанатбек Мәдібек ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды

72
Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы 1977 жылы туған.
1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Еңбек жолын 1998 жылы Жаңатас қаласындағы «Водоканал» кәсіпорнында инженер болып бастаған.
1999-2005 жылдары Сарысу ауданы әкімі аппаратында бас маман, бөлім меңгерушісі, 2005-2006 жылдары Сарысу ауданы Жаңаарық ауылдық округінің әкімі, 2006-2010 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі, 2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2012-2015 жылдары Сарысу ауданының әкімі, 2015-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің басшысы, 2019-2020 жылдары Сарысу ауданының әкімі, 2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған.
2021 жылғы сәуірден бастап 2022 жылғы қыркүйекке дейін Талас ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
2022 жылғы қыркүйектен бастап – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.