Вокзалдардың құрылыс сапасы бақылауда

44
Теміржолшылардың кестесінде – жолға күрделі, күшейтілген және орта жөндеу жүргізу, бағыттамалық бұрмаларды ауыстыру, рельс тіректерімен табандарын үздіксіз ауыстыру, сондай-ақ тасымалдардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-шаралар. Жұмыстар арнайы жол техникасын  пайдалана отырып жүргізіледі.
Еліміз тәуелсіздігін алып, өз қолы өз аузына жеткен тұста экономиканың етек-жеңін жинау үрдісі белең алды. Соның аясында ұлан-ғайыр даладағы тіршілікке қан жүгірткен күретамырдай болған болат жолдың әлеуетін арттыру мәселесі де күн тәртібінде тұрды.
Бүгін Отар, Шу, Түрксіб және Боранды темір жол стансаларының жөндеу, қайта жаңғырту және жаңадан салу жұмыстарын көрдік.
Жөндеу жұмыстары барысында жолаушыларға уақытша қызмет көрсетуге ыңғайластырылған орындар белгіленді.
Сыртқы абаттандыруға қатысты шешімдер қабылданды.
Вокзал инфрақұрылымын толық жаңартуға бағытталған ауқымды жоба жолаушыларға қауіпсіз әрі жайлы тасымал қызметінің сапасын арттыратыны сөзсіз.
Вокзалдарды қайта құрылымдау – өңір инфрақұрылымын дамытудың маңызды қадамы. Біз барлық жолаушы үшін жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауды көздеп отырмыз. Сондықтан жұмыстардың сапасы мен мерзімін бақылау ең жоғары деңгейде болуы тиіс. Бұл біздің вокзалдарды заманауи әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.